Ақпарат

«Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою» және «Мемлекеттік кәсіпорынның немесе мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметінің 2 түрін көрсетеді.

«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж, тиісті елді мекенде (тұру мерзіміне қарамастан) тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар):

  • Мүгедектерге және Ұлы Отан Соғысының қатысушыларына;
  • Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататындарға;
  • Мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға;
  • Қазақстан Республикасының бекітілген заңнамасының тәртібімен, жалғыз тұрғын үйі авариялық жағдайда деп танылған, азаматтарға көрсетіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтінішті қабылдау және нәтижесін беру:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Павлодар облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Ақсу қаласы бөлімі (әрі қарай – Мемлекеттік корпорация);

2) «электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет алушы құжаттарын тапсырғаннан кейін Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мерзімі 30 күнтізбелік күн.

Жеке тұлғаларға мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Жұмыс кестесі:

«Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ – күнделікті, сағ. 9.00-ден 18.30 – ге дейін, сағ. 13.00 – ден 14.30-ға дейін түскі үзілісімен, демалыс, сондай-ақ мереке күндерінен басқа.

Мекенжайы: Ақсу қаласы, Астана көшесі, 21 А.

Мемлекеттік корпорация – бекітілген жұмыс кестеге сай күнделікті, дүйсенбіден сенбіні қосқанда, сағ. 9.00 – ден 20.00 – ге дейін түскі үзіліс, демалыс, сондай-ақ мерекелік күнсіз.

Мекенжайы: Ақсу қаласы, Ленин көшесі, 10.

«Мемлекеттік кәсіпорынның немесе мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет.

Жеке тұлғаларға мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет өтінішті қабылдау және нәтижесін беру сағ. 9.00-ден 18.30 – ге дейін, сағ. 13.00 – ден 14.30-ға дейін түскі үзілісімен жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел көрсетусіз кезек бойынша көрсетілетін болады.

Жұмыс кестесі:

«Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ – күнделікті, сағ. 9.00-ден 18.30 – ге дейін, сағ. 13.00 – ден 14.30-ға дейін түскі үзілісімен, демалыс, сондай-ақ мереке күндерінен басқа.

Мекенжайы: Ақсу қаласы, Астана көшесі, 21 А.

 

Ақсу қалалық мәслихатының 2017 жылғы 3 қарашадағы «Ақсу қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақтау нормаларын бекіту туралы» № 142/17 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

2018 жылғы 29.09 Жүктеу
Қарау

Шешім жобасы. Ақсу қаласындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге (кәдеге жаратуды және қайта өңдеуді есепке алмай)арналған тарифтерді бекіту туралы

2018 жылғы 09.02 Жүктеу
Қарау

Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы

2018 жылғы 08.01 Жүктеу
Қарау

Ақсу өңірінде жолаушылар мен жүктерді автомобильмен тасымалдаулардың тұрақты қатынайтын бағыттары бойынша жол жүру бағасына тарифті орнату туралы

2017 жылғы 26.12 Жүктеу
Қарау

Ақсу қаласында жолаушылар мен жүктерді қалалық қатынастардаавтомобильмен тұрақты тасымалдау бағыттарының жолақы тарифін белгілеу туралы

2017 жылғы 26.12 Жүктеу
Қарау

Ақсу қаласында коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы

2017 жылғы 28.09 Жүктеу
Қарау

«Аксу – Модернизация жилья»

2017 жылғы 29.05 Жүктеу
Қарау