Бөлім басшысы

«Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

Зенов Марат Балтабайұлы

c2e133254ad4999a081393ccb497ff2f

1983 жылы туған, инженер-экономист, мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі мамандығы бойынша жоғары білімі бар.

Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарыбөлімінің басшысы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына 2016 жылғы 9 маусымнан бастап қала әкімі өкімімен Зенов Марат Балтабаевич тағайындалды.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында жұмыс тәжірибесі бар – 2006-2009 жылдары Павлодар облысы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары департаментінің бас маманы, одан кейін бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.

Мемлекеттік қызмет өтілі 9 жылдан асады, оның ішінде басшы лауазымында 5 жыл жұмыс тәжірибесі бар.

Азаматтарды қабылдау кестесі

сейсенбі, бейсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін,

Байланыс тел.8 (71837) 8 (71837)5-01-58, 5-18-77

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы секторы,8/71837/ 6–23–89 – мемлекеттік сатып алу, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары секторы.

Электрондық пошта: <aksujkh1@mail.ru>

Мемлекеттік органда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізімі:

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою.

 Мемлекеттік органның қызметі, оның құрылымы:
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы нысандарының ұдайы жұмысын қамтамасыз ету, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу, жергілікті маңыздағы автомобиль жолдары мен жолаушылар автокөлігінің қызметін қамтамасыз ету және дамыту.
Бөлім құрылымына: бөлім бастығы, бөлім бастығының орынбасары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы секторы-сектор меңгерушісі, екі бас маман, мемлекеттік сатып алу, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары секторы-сектор меңгерушісі, екі бас маман, жетекші маман енеді. Барлық штат саны 9 адамды құрайды.